Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Енді жұмыссыз азаматтар да МӘМС жүйесіне қосылады

Денсаулық
Енді жұмыссыз азаматтар да МӘМС жүйесіне қосылады

2026 жылдан бастап Қазақстанда 1 миллионнан астам жұмыссыз және әлеуметтік осал топқа жататын азаматтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қатысатын болады, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл азаматтар үшін сақтандыру жарналарын жергілікті әкімдік төлейді.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа жүйе дағдарыстық немесе шұғыл деңгейдегі табысы бар азаматтардың да жоспарлы медициналық көмекті басқа сақтандырылғандармен тең дәрежеде алуына мүмкіндік береді.

Бұл — халық денсаулығы мен өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам. Жарналарды жергілікті атқарушы органдар өтейді, ал сақтандырылған мәртебесі азаматтарға ай сайын беріліп отырады, нақты төлемнің түсуіне қарамастан, — деді министр.

Ақмарал Әлназарованың айтуынша, бұл шара әлеуметтік қорғауды кеңейтуге және денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға бағытталған.

Фото: Үкімет

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу