Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ерекше балаларға ерекше көңіл: Түпқарағанда жаңа жылдық шара ұйымдастырылды

Денсаулық
Ерекше балаларға ерекше көңіл: Түпқарағанда жаңа жылдық шара ұйымдастырылды
ФОТОЛАР: © «Мейірім» орталығы

Жаңа жыл қарсаңында Түпқараған ауданында ерекше балаларға арналған тағылымды әрі қуанышты мерекелік шара ұйымдастырылды. Аудандағы жалғыз әлеуметтік кәсіпкерлік нысан саналатын «Қолдау» орталығы ЖММ жанындағы «Мейірім» түзете-дамыту орталығының тәрбиеленушілері үшін өткен бұл кездесу мейірім мен қамқорлыққа толы болды.

Мерекелік шараға Түпқараған ауданының әкімі арнайы қатысып, «Мейірім» орталығында тәрбиеленіп жатқан ерекше балаларды, ерте түзету бағдарламасына қатысушыларды және олардың ата-аналарын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Аудан басшысы өз сөзінде ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау, олардың дамуына жағдай жасау және қоғамға бейімделуіне ықпал ету – маңызды әлеуметтік міндет екенін атап өтті.

Аудан басшысы өз сөзінде ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау, олардың дамуына жағдай жасау және қоғамға бейімделуіне ықпал ету – маңызды әлеуметтік міндет екенін атап өтті.

Шара барысында әлеуметтік салада белсенділігімен көзге түскен азаматтарға құрмет көрсетілді. Атап айтқанда, «Ақ жол» демократиялық партиясының «Патриот» медалі «Қолдау» орталығы ЖММ басшысы, «Мейірім» түзете-дамыту орталығының жетекшісі Милана Елеусіноваға табысталды. Бұл марапат – ерекше балаларды қолдау жолындағы табанды еңбектің және азаматтық жауапкершіліктің айғағы.

Атап айтқанда, «Ақ жол» демократиялық партиясының «Патриот» медалі «Қолдау» орталығы ЖММ басшысы, «Мейірім» түзете-дамыту орталығының жетекшісі Милана Елеусіноваға табысталды. Бұл марапат – ерекше балаларды қолдау жолындағы табанды еңбектің және азаматтық жауапкершіліктің айғағы.

Мерекелік іс-шара «Қолдау» орталығы ЖММ мен Түпқараған ауданы әкімдігінің «Отбасын қолдау орталығы» КММ-нің бірлескен ұйымдастыруымен өтті. Сонымен қатар, мерекенің жоғары деңгейде өтуіне демеушілік көрсеткен «KazGis» ЖШС директоры Наурызбек Тілеповке және «Batys Stroy Logistic» компаниясының өкілі Жандарбек Жанғожинге алғыс айтылды. Олар балаларға арналған мерекелік дастархан жайып, ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастырып, сыйлықтар табыстады.

Мереке аясында ерекше балалармен күнделікті еңбек етіп жүрген «Мейірім» түзете-дамыту орталығының мамандарына аудан әкімінің алғыс хаттары табысталды. Дефектолог және логопед мамандар Жансая Бекболатқызы, Жанар Жүкен, Фариза Ержанқызы, Ақниет Нысанова ерекше балалардың дамуына қосқан үлестері үшін марапатталды.

Бұл мерекелік кездесу балаларға шаттық сыйлап қана қоймай, олардың әрдайым қоғам назарында екенін тағы бір мәрте көрсетті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу