Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ерлан Қарин әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі жұмыс туралы айтты

Қоғам
Ерлан Қарин әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі жұмыс туралы айтты
Gov.kz

Мемлекеттік кеңесші Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру жөніндегі республикалық үйлестіру кеңесінің отырысына қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қорғаныс министрлігі жанындағы Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру жөніндегі республикалық үйлестіру кеңесінің отырысына қатысты.

Жиында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов, сондай-ақ Абай және Қостанай облыстарының әкімдері баяндама жасады.

Іс-шара барысында Мемлекет басшысының әскери-патриоттық тәрбие саласындағы бастамаларын тиімді жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Ерлан Қарин желтоқсан айының басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарулы күштердегі, басқа да құрылымдардағы әскери және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде жиын өткізгенін айтты. Оның қорытындысына сәйкес Президент заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, армиядағы тәрбие жұмысын жетілдіруге қатысты нақты тапсырмалар бергеніне назар аударды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу