Өзен жағасында оның сыртқы киімі табылған. Осыған байланысты құтқарушылар Ертіс өзенінің акваториясын толықтай тексеріп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.
Облыс орталығында 1976 жылғы әйел жоғалып кетті. Төтенше жағдай департаментінің дерегінше, Ертіс өзенінің жағасынан оның сыртқы киімі табылған. Құтқарушылар қазір өзеннің аумағын тексеруге жұмылған.
— Құтқарушылар, сүңгуірлер су айдыны мен жағалау аймағын зерттеуге мүмкіндік беретін арнайы жабдықты пайдалануда. Соның ішінде жүзу құралдарымен және эхолотпен іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері полициямен және волонтерлік ұйымдармен бірлесіп, жағалауды жаяу тексеруде. Жергілікті жерде барлық тартылған қызметтің іс-қимылдарын үйлестіру ұйымдастырылған, — деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаментінен.