freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Есірткі бизнесі толық цифрлық форматқа өтті – ІІМ

Қоғам
Есірткі бизнесі толық цифрлық форматқа өтті – ІІМ
Фото: Үкімет

Қазақстанда есірткі қылмыстарының сипаты өзгеріп, қылмыстық нарық толықтай цифрлық ортаға көшкен. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен республикалық штаб отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Министрдің айтуынша, есірткі заттарын өткізу үшін бүгінде негізінен көлеңкелі интернет-платформалар мен анонимді мессенджерлер пайдаланылуда. Ал қаржылық есеп айырысулар криптобиржалар, электронды әмияндар және дропперлер арқылы жүзеге асырылады.

Биылғы жылдың басынан бері ел аумағында 1 200-ден астам есірткі қылмысының жолы кесілді.

Сонымен қатар 6 ұйымдасқан қылмыстық топ жойылып, олардың ішінде бір трансұлттық топ бар. 9 ұйымдастырушы және 29 белсенді қатысушы ұсталды.

Киберқылмыспен күрес аясында «Киберқадағалау» жүйесі арқылы 12 мың интернет-ресурс бұғаттауға жіберілді. «Антифрод-орталық» күдікті транзакциялар бойынша 107 млн теңге көлеміндегі операцияларды тоқтатты.

Сондай-ақ 125 мың шетелдік төлем картасы бұғатталып, 20 мың криптоәмиян есірткі табысын жылыстату фактілері бойынша Қаржылық мониторинг агенттігіне тексеруге берілді.

Жыл басынан бері заңсыз айналымнан 466 келі синтетикалық есірткі тәркіленді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп. Жойылған есірткі зертханаларының жетіуі елді мекендерде орналасқан.

Сондай-ақ елге заңды тауарлар ретінде жасырынып әкелінетін прекурсорлардың контрабандасы да тіркеліп отыр. Жалпы 11 тоннадан астам прекурсор тәркіленіп, одан шамамен 1,5 тонна синтетикалық есірткі өндіруге болатыны анықталған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу