Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Фермерлер Президентке хат жолдады

Экономика
Фермерлер Президентке хат жолдады

Қазақстан фермерлері қауымдастығының басшылары 60 мың фермердің атынан, сондай-ақ Егіншілер одағы 15 мың мүшесінің, Картоп өсірушілер мен көкөніс өсірушілер одағы 150 ірі шаруашылықтың және Жамбыл облысының қызылша өсірушілер қауымдастығы Мемлекет басшысына биыл қол жеткізген табыстары туралы хат жолдады.

Шаруалардың айтуынша, биыл ауыл шаруашылығына Үкіметтен ерекше қолдау көрсетілген. Оның нәтижесі де көңіл толтырарлық.

- Сізге барлық қазақстандық аграрилердің атынан ауыл шаруашылығына бұрын-соңды болмаған қолдау көрсетіп, біздің ісімізге көңіл бөліп жатқаныңыз үшін алғыс білдіргіміз келеді. Осы жылы Қазақстан 26 миллион тоннадан астық жинады. Орташа өнімділік 16 центнерге жуық болғанымен, биыл кейбір егістіктерде бір гектардан 40-50 центнер алынды. Бұл соңғы 10 жылдағы ең үздік нәтиже. Өнімді қайта өңдеу мен өткізуді дамыту мәселелері бойынша да ерекше қолдау көрсетіліп жатыр. Ауылдағы тіршілікті жасартуға тұрақты қатысып отырасыз, бұл үшін де жеке алғыс айтамыз, - деп жазды фермерлер.

Сондай-ақ фермерлер Қазақстанның өнімдері шетелдерде жоғары сұраныста екенін айтып отыр. Мұндай тиімділікке мемлекеттің қолдауынсыз қол жеткізу мүмкін емес дейді олар.

Президентке жолданған хатқа Ауыл шаруашылығы министрлігі Қоғамдық кеңесінің басшысы, саланың белгілі өкілдері – Еңбек ерлері қол қойған.  

Фото: bitstat.top

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу