Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ғалымжан Құспанов жеті жанартауды бағындырған альпинистер қатарына енді

Оқиға
Ғалымжан Құспанов жеті жанартауды бағындырған альпинистер қатарына енді
«AMANAT» партиясының баспасөз қызметі

Қазақстандық альпинист әрі саяхатшы Ғалымжан Құспанов «7 жанартау» халықаралық жобасын, яғни жер бетіндегі барлық құрлықта орналасқан ең биік жанартауларды бағындыру бағдарламасын аяқтаған әлемдегі 67-ші адам әрі тұңғыш қазақ азаматы атанды. Осылайша, отандасымыз соңғы меже – Мексикадағы Орисаба жанартауын (5636 м) бағындырып, соққан жел мен қолайсыз ауа райына қарамастан, Қазақстанның Мемлекеттік Туын желбіретті. Бұл туралы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап , деп хабарлайды Malim.kz. хабарлайды.

Ғ.Құспанов үшін бұл сәт – спорт саласындағы жеңіс қана емес, ұлттық мақтаныш. Солтүстік Америка шыңында желбіреген Көк байрақ – альпинист әр сапарда ұстанып жүрген дәстүрдің жалғасы: жер мен көк түйіскен биіктікте туған елдің Туын көтеру. Осы арқылы ол адамзат баласының күш-жігері мен ұлттық рухты тоғыстырып, қазақстандықтар кез келген биікті бағындыра алатынын дәлелдеп келеді.

Осылайша Ғалымжан Құспанов жер бетіндегі ең биік жеті жанартауды бағындырды: Сидлей (4285 м, Антарктида), Охос-дель-Саладо (6893 м, Оңтүстік Америка), Гелуве (4368 м, Аустралия), Килиманджаро (5895 м, Африка), Эльбрус (5642 м, Еуропа), Демавенд (5609 м, Азия) және Орисаба (5636 м, Солтүстік Америка). Сөйтіп, ол жер бетіндегі барлық жеті құрлықта орналасқан ең биік жанартауларды бағындырған әлемдік альпинистер клубына енді. 

Сонымен қатар ол осы күнге дейін құрлықтардағы ең биік жеті шыңның алтауы бағындырды: Эверест (8848 м), Аконкагуа (6962 м), Эльбрус (5642 м), Килиманджаро (5895 м), Винсон (4892 м) және Карстенз (4884 м). Енді осы жаһандық маршрутты түйіндеу үшін Солтүстік Америкадағы Аляскада (АҚШ) орналасқан Денали (6190 м) шыңын бағындыру ғана қалды. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу