Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Германия қорғаныс министрі Ресейдің әрекетін террор деп атады

Әлем
Германия қорғаныс министрі Ресейдің әрекетін террор деп атады
Фото: Britta Pedersen/dpa/picture alliancе

Германияның қорғаныс министрі Борис Писториус Ресей президенті Владимир Путинді Украинадағы бейбіт тұрғындарға қарсы террор жүргізіп отыр деп айыптады, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Ол Кремльдің шынайы бейбіт келіссөздерге дайын екеніне күмән келтірді.

Redaktionsnetzwerk Deutschland (RND) басылымына берген сұхбатында Писториус Ресейдің соғысты тоқтатуға шынайы ниеті бар екенін көрсететін ешқандай белгі көрмей отырғанын айтты. Оның сөзінше, Владимир Путин келіссөздер барысында үнемі өзіне тиімді ең жоғары талаптардан бас тартпайды және ымыраға дайын екенін байқатпайды.

Сонымен қатар министр Абу-Дабидегі бейбіт келіссөздер кезінде Ресей армиясы Украинаға соғыс басталғалы бері бұрын-соңды болмаған ауқымда әуе соққыларын жасағанын атап өтті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу