Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Германияда үш жасөспірім лаңкестікке қатысты түрмеге қамалды

Әлем
Германияда  үш жасөспірім лаңкестікке қатысты түрмеге қамалды

Германияда Дюссельдорфтың (Солтүстік Рейн-Вестфалия жері) округтік соты екі қызды (16 және 17 жаста) және бір жігітті (16 жаста) үш жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Bild.


Хабарланғандай, олардың ықтимал нысаналары бірнеше ғибадатхана мен полиция бөлімшелері болған. Сотта кәмелетке толмағандардың радикалданып, әлеуметтік желілерде ИГИЛ (Қазақстанда тыйым салынған ұйым – ред.) үгіт-насихатының ықпалына түскені айтылды.

Шабуыл жасау үшін олар бастапқыда Гамбург, Дортмунд, Дюссельдорф, Кёльн, Изерлон және Штутгарт қалаларындағы полиция бөлімшелерін, вокзалдарды және сот залдарын таңдаған.

Ақырында, олар адам көп жиналатын уақытта полиция бөлімшелері мен діни орындарға (шіркеулер, синагогалар) кіріп, оларды жанармай толтырылған бөтелкелермен өртеп, атыс және суық қару қолданып, мүмкіндігінше көп адам өлтіруді жоспарлаған, – деп мәлімдеді сот өкілі Вера Дреес.

Топ мүшелерінің бірі интернеттен бомба жасау нұсқаулығын тауып алып, оны сыбайластарына көрсеткен. Алайда осы кезде полиция қызметкерлері күдіктілерді анықтап, оларды өткен жылдың наурыз айынан бері қамауда ұстаған. Сотталғандардың адвокаты үкімге шағымданатынын мәлімдеді.

Фото: freepik


 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу