Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсер Гүлзира Айдарбекова жаңа баспанаға қоныстанып, қоныс тойын өткізді, деп хабарлайды Malim.kz.
Продюсер қуанышты сәтінен видео жариялап, жаңа үйінің ішкі көрінісін және қоныс тойға дайындық барысын әлеуметтік желідегі парақшасында көрсетті. Желі қолданушылары мен өнердегі әріптестері оны жаңа қонысымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірген.
Алайда жарияланым астында продюсерді сынаған пікірлер де пайда болды. Кейбір оқырман жақында Гүлзира Айдарбекованың ағасы қайтыс болғанын еске салып, қаралы жағдайдан кейін қоныс той өткізуді уақыт жағынан орынсыз деп санаған.
"Ағасының қырқы өтпей жатып қоныс тойын жасап жатыр" деген сарындағы пікірлер жазылған.
Осыған байланысты желі қолданушылары арасында түрлі көзқарас қалыптасты. Бірі продюсердің қуанышын қолдаса, енді бірі қайғылы жағдайдан кейін белгілі бір уақыт күту керек деген пікір білдірген.