freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Яна Легкодимова ісі: апелляция үкімді өзгеріссіз қалдырды

Қоғам
Яна Легкодимова ісі: апелляция үкімді өзгеріссіз қалдырды
Фото: видеодан кадр

Атырауда 23 жастағы Яна Легкодимованы өлтіру ісі бойынша апелляциялық шағым қаралды. Сот алқасы сотталғандарға тағайындалған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Malim.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

24 ақпанда Атырау облыстық соты апелляциялық алқасы 24 жастағы Ризуан Хайржанов пен 25 жастағы Алтынбек Катимовқа қатысты үкімді күшінде қалдырды.

Олар жазасын төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Еске салайық, 2025 жылғы 17 қарашада Атырау қаласының соты аталған азаматтарды аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін кінәлі деп таныған болатын. Атап айтқанда:

  • ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі 7-тармағы – адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған кісі өлтіру;
  • ҚР ҚК 202-бабы 2-бөлігі 6-тармағы – адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен бөтеннің мүлкін қасақана жою.

Айыптардың жиынтығы бойынша сот әрқайсысына өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.

Сондай-ақ сот марқұмның анасы Галина Легкодимованың азаматтық талабын ішінара қанағаттандырды. Сотталғандар 1 млн 955 мың теңге көлемінде материалдық шығынды және әрқайсысы 15 млн теңгеден моральдық өтемақыны ортақ тәртіппен төлеуге міндеттелді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу