Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

ІІМ мас күйінде көлік жүргізген судьяны жауапқа тартуға уәде берді

Қоғам
ІІМ мас күйінде көлік жүргізген судьяны жауапқа тартуға уәде берді
Фото: gov.kz

Ішкі істер министрлігі азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы Асель Досаеваны мас күйінде көлік жүргізгені үшін жауапқа тартуға уәде берді, деп хабарлайды Malim.kz.

«1 қараша күні шамамен сағат 04:30-да Астанада, “Хан Шатыр” сауда орталығының маңында полиция қызметкерлері “Mazda-6” автокөлігін тоқтатқан. Рөлде азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы отырған. Тексеру барысында жүргізушінің алкогольдік мас күйінде болғаны, сондай-ақ көлік құралын жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткен жағдайда басқарғаны анықталды. Аталған дерек бойынша материалдар Бас прокуратураға жіберіліп, заңда белгіленген тәртіппен судьяны жауапкершілікке тарту мәселесін қарау үшін Жоғары сот кеңесіне ұсыныс енгізілмек», — деп хабарлады Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін судьяның ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Онда Досаеваның мас күйінде ғана емес, жүргізуші куәлігінсіз көлік тізгіндегені де айтылған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу