freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Иран АҚШ-пен бірқатар маңызды мәселе бойынша келісімге келді

Әлем
Иран АҚШ-пен бірқатар маңызды мәселе бойынша келісімге келді
Фото: ИРНА агенттігі

Тегеран Вашингтонмен жүргізілген келіссөздерде ілгерілеу болғанын хабарлады. Алайда Иран тарапы келісімге қол қою әзірге нақты шешілген мәселе емес екенін атап өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі Эсмаил Бағаи дүйсенбі күнгі апталық брифингте тараптардың соғысты тоқтату және Иран мен АҚШ арасындағы өзара түсіністік туралы ықтимал меморандум жөніндегі келіссөздер аясында «талқыланған мәселелердің едәуір бөлігі бойынша ортақ тұжырымға келгенін» мәлімдеді.

Талқыланған мәселелердің басым бөлігі бойынша өзара түсіністікке қол жеткіздік деу дұрыс. Бірақ келісімге қол қою сөзсіз болады деп ешкім нақты айта алмайды, — деді Бағаи.

Ол сондай-ақ Вашингтонды келіссөздер барысында ұстанымын өзгертіп отыр деп айыптады.

Оның айтуынша, қазіргі кезеңде келіссөздердің негізгі бағыты — соғысты тоқтату мәселесі. Ал ядролық бағдарламаға қатысты жайттар әзірге талқыланып жатқан жоқ.

Бағаи ядролық мәселе мен жоғары деңгейде байытылған уран қоры жөніндегі әңгімені меморандум түпкілікті бекітіліп, АҚШ өз міндеттемелерін орындағаннан кейін ғана қарастыруға болатынын айтты. Оның ішінде санкцияларды алып тастау және Иран активтерін бұғаттан босату талаптары бар.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу