Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Израиль әлем бойынша елшіліктерін жапты

Әлем
Израиль әлем бойынша елшіліктерін жапты

Иранға жаппай соққы бергеннен кейін Израиль шетелдердегі барлық елшіліктерінің жұмысын тоқтатты, Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Билік азаматтарды аса сақ болуға шақырып, қоғамдық орындарда еврей немесе израильдік рәміздерді пайдаланудан бас тартуға кеңес берді.

Сондай-ақ консулдық қызметтер уақытша тоқтатылады. Азаматтарға қандай да бір қауіп немесе дұшпандық әрекеттер туындаған жағдайда жергілікті құқық қорғау органдарына дереу жүгініп, онымен бірлесе әрекет ету ұсынылды.

Еске салайық, 13 маусымға қараған түні Израиль Тегерандағы ядролық нысандарға байланысты Иранға әуе шабуылын жасаған болатын. Ондаған нысанаға соққы берілген. Израиль Иранға шабуыл жасау үшін 200 ұшақ пен 330-дан астам зымыран қолданған.

Фото:depositphotos.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу