freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Канье Уэст концерті: Билетке қатысты маңызды ақпарат жарияланды

Қоғам
Канье Уэст концерті: Билетке қатысты маңызды ақпарат жарияланды
Фото: әлеуметтік желі

YE концерті 14 тамыздан 15 тамызға ауыстырылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Концерт 15 тамыз сағат 21:00-де Орталық стадионда өтеді. Көрермендерді стадионға кіргізу сағат 16:00-де басталады.

14 тамызға сатып алынған билеттер 15 тамызда да жарамды. Кіру кезінде билеттер сканерленіп, тексеруден кейін көрермендерге бұрын берілген білезіктер жаңартылады.

Ұйымдастырушылар көрермендерге жолды алдын ала жоспарлап, көлік кептелісін ескеріп, стадионға ертерек келуге кеңес береді. Кіру билетте көрсетілген секторға сәйкес жүзеге асырылады.

Концертке қатысты өзекті ақпарат First Media Group және Freedom Афиша арналарында жарияланады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу