Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Кәрім Мәсімовтің қызы бұрынғы күйеуімен соттасып жатыр

Қоғам
Кәрім Мәсімовтің қызы бұрынғы күйеуімен соттасып жатыр

Кәрім Мәсімовтің қызы Камила Кәрім бұрынғы жұбайы Азамат Қапеновпен арадағы мүлікті бөлу ісі бойынша сот шешіміне апелляция түсірді, деп хабарлайды Malim.kz nege.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл процесс екі жылдан бері жалғасып келеді. Сот деректеріне сәйкес, талап арыздар бірнеше рет өзгерген. 2025 жылдың 9 маусымында сот Тамилa Кәрімнің талабын қанағаттандырудан бас тартқан. Алайда 30 шілдеде ол шешімге апелляция берген.

Қандай мүлікке қатысты дау жүріп жатқаны әзірге белгісіз, себебі сот шешімінің толық мәтіні жарияланбады.

Айта кетейік, 2022 жылы «Выход к морю» телеграм-арнасы Азамат Қапеновтің Мәскеуде, Рублевка мен Серебряный бор ауданында қымбат жылжымайтын мүліктері барын хабарлаған. Активтердің жалпы құны шамамен 10 млрд теңге деп бағаланған.

Оған дейін тараптар балаларға қатысты қамқоршылық пен тұрғылықты жер мәселесін шешкен. 2022 жылдың желтоқсанында БАӘ соты балалардың әр айдың алғашқы екі аптасын анасымен, ал қалған екі аптасын әкесімен өткізу тәртібін бекіткен болатын.

Фото: nege.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу