Танымал актриса әрі әнші Жұлдызай Дүйсенбиева өзін сынайтындарға жауап берді, деп хабарлайды Malim.kz.
Театр сахнасының жұлдызы кәсіби музыкант екенін атап өтіп, балалық шағынан естелік ретінде видео бөлісті.
Бұл – 1997 жыл. Жасым 16-да. Мен – кәсіби домбырашымын. Керемет ұстаздардан білім алғанмын. Талай рет лауреат атанғанмын. Жалпы кәсіби музыкантпын. Маған “сен ән айтпай-ақ қой, сахнаға әркім бір шыға береді” деп жазатындар бар. Мен – ұлы ұстаз Райымбек Сейтметовтың шәкіртімін. Кәсіби әртіспін. Әлімбек Қонысбековтың домбыра класын тәмамадағанмын. Каратэмен айналысқанмын. Сосын 5-сынып оқып жүргенде Айнұр деген ұстазым бар еді. Ең алғаш театрда ертегі қойып ойнатқан. Фамилиясы есімде қалмапты. Бір жыл ғана жұмыс істеп, Кентаудан көшіп кетті. Домбырамен өз ортамызда ән саламын, – деп жазды актриса.
Фото: видеодан кадр