Жамбылда келінін балағаттаған қайын ата 10 күнге қамауға алынды, деп хабарлайды Malim.kz Спутник Қазақстанға сілтеме жасап.
Сот мәліметінше, ер адам келініне балағат сөздер айтып, тыныштығын бұзған.
Сотта ол өз кінәсін мойындап, өкініп, кешірім сұрады.
Жәбірленуші келін қайын атасының мас күйде балағат сөздер айтқанын растады.
Келін қайын атасына кешірім беретінін айтты.
Ер адам 10 тәулікке қамалды.