Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Көкшетауда Ұлттық ұлан сарбаздары адам өлтірген күдіктіні бірден ұстады

Қоғам
Көкшетауда Ұлттық ұлан сарбаздары адам өлтірген күдіктіні бірден ұстады

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5510 әскери бөлімінің жауынгерлері Көкшетау қаласында кісі өліміне себепші болған күдіктіні жедел түрде қолға түсірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ауыр қылмыс туралы хабар жедел басқару орталығына сағат 20:00 шамасында түскен. Марқұмның денесін тауып алған жергілікті тұрғын бірден полицияға хабарлаған. Күдіктіге қатысты бағдар дереу полиция жасақтары мен әскери қызметшілерге таратылды.

Шұғыл ақпарат түскен бойда іздеу шараларын бастап кеттік. Арада 20 минуттай уақыт өткенде Әуезов көшесінен мас күйде жүрген үш адамды байқадық. Тінту барысында олардың біреуінің қалтасынан қылмыс туралы арыз берген азаматтың жеке куәлігі табылды, – дейді әскери жасақ бастығы аға сержант Жанғазы Шайхин.

Күдіктілердің бірі қашып кетпек болғанымен, ұландықтар оны жылдам ұстап үлгерген. Тінту кезінде ер адамдар агрессивті әрекет етіп, бұйрықтарды орындаудан бас тартқан. Үш күдікті де Көкшетау қалалық полиция басқармасына жеткізілді.

Тексеру барысында күдіктілердің бірі кісі өлтіргенін мойындады. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

Фото: ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу