Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Көктайғақ, қалың қар: Алматыда бір түнде 58 жол-көлік оқиғасы болды

Қоғам
Көктайғақ, қалың қар: Алматыда бір түнде 58 жол-көлік оқиғасы болды

Алматы полициясы ауа райына байланысты жол-көлік оқиғаларының саны артқанын хабарлады.

Полиция департаментінің мәліметінше, 9 желтоқсан сағат 20:00–ден бүгін сағат 06:00–ге дейін Алматыда 58 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оның салдарынан 9 адам жарақат алған, қайтыс болғандар жоқ.

Алматы полициясы күшейтілген режимде қызмет атқарып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басымдық беріп отыр. Патрульдік полиция экипаждары барлық шақыртуларға жедел шығып, жол-көлік оқиғаларын рәсімдеуде және көшелерді қардан тазарту мен жолдарға арнайы өңдеу жұмыстарын жүргізіп жатқан коммуналдық қызметтерге көмек көрсетіп жатыр, — деп хабарлады департаменттен.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу