freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Көктем мен жаз айларында ауа райы қалай болады?

Қоғам
Көктем мен жаз айларында ауа райы қалай болады?
pixabay.com

“Қазгидромет” сәуірден қазанға дейінгі маусымдық болжамын ұсынды. Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанда ауа температурасы көбіне нормадан жоғары болады, ал жаздың соңына қарай жауын-шашын тапшылығы күшейеді. Бұл туралы Malim.kz  хабарлайды.

2026 жылғы сәуір

Сәуірде елдің басым бөлігінде орташа ауа температурасы нормадан шамамен 1 градусқа жоғары болады деп күтіледі. Нормаға жақын көрсеткіштер Шығыс Қазақстан облысында, Абай облысының оңтүстік-шығысында, сондай-ақ оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында болжанады.

Жауын-шашын жалпы алғанда нормаға жуық болады, алайда батыста (Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстары), сондай-ақ оңтүстік пен оңтүстік-шығыста нормадан көп жауады (Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстары, Жетісу облысы, ШҚО және Абай облысының оңтүстік-шығысы).

2026 жылғы мамыр

Мамырда температура елдің көп бөлігінде шамамен 1 градусқа жоғары болады. Нормаға жақын температура шығыс пен оңтүстік-шығыста, сондай-ақ кейбір орталық өңірлерде күтіледі.

Жауын-шашын:

елдің басым бөлігінде – нормаға жуық;

нормадан аз – солтүстік өңірлерде (Қостанай, СҚО, Ақмола облыстары), сондай-ақ батыс пен орталықтың кей аймақтарында.

2026 жылғы маусым

Маусымда Қазақстанның көп бөлігінде ауа температурасы нормадан 1-2 градусқа жоғары болады. Шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде нормаға жақын болады.

Жауын-шашын:

жалпы нормаға жуық,

нормадан төмен – Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Атырау мен кейбір орталық өңірлерде.

2026 жылғы шілде

Шілдеде температура негізінен нормаға жақын болады. Алайда батыс өңірлерде (Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе облыстары) ауа температурасы нормадан 1-2 градусқа жоғары болуы мүмкін.

Жауын-шашын біркелкі түспейді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыста және орталықта нормадан көп болса, батыс өңірлерде нормадан аз болады.

2026 жылғы тамыз

Тамызда Қазақстанның басым бөлігінде температура қайтадан нормадан 1-2 градусқа жоғары болады.

Жауын-шашын көбіне нормадан төмен, тек жекелеген өңірлерде (батыс, солтүстік және оңтүстік-шығыстың бір бөлігі) нормаға жуық.

2026 жылғы қыркүйек

Қыркүйекте температура елдің көп бөлігінде шамамен 1 градусқа жоғары болады. Нормаға жақын көрсеткіштер Жамбыл, Алматы, Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында, Қарағанды облысының басым бөлігінде, Түркістан мен Ұлытау облыстарының шығыс бөлігінде, Ақмола облысының оңтүстік-шығысында және Солтүстік Қазақстан облысының қиыр оңтүстік-шығысында күтіледі.

Жауын-шашын негізінен нормадан төмен, тек кейбір солтүстік, шығыс және ішінара оңтүстік өңірлерде нормаға жақын болады. 

2026 жылғы қазан

Қазанда да жылы ауа райы сақталады, температура көп аймақта нормадан шамамен 1 градусқа жоғары болады. Жауын-шашын көбіне нормадан төмен, батыс пен оңтүстік-шығыстың жекелеген өңірлерінде ғана нормаға жуық болады. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу