Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Көктемнің соңғы күндері Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болады

Қоғам
Көктемнің соңғы күндері Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері үш ірі қалада - Астана, Алматы және Шымкентте 2024 жылдың 29, 30 және 31 мамырына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Malim.kz.

Астана

29 мамырда: көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, таңертең және күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 18-20 градус жылы.

30 мамыр: көшпелі бұлтты, кей жерлерде жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 13-15 градус жылы.

31 мамыр: көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр. Солтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 14-16 градус жылы.

Алматы

29 мамыр: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 18-20 градус жылы.

30 мамыр: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 20-22 градус жылы.

31 мамыр: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 22-24 градус жылы.

Шымкент

29 мамыр: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 26-28 градус жылы.

30 мамыр: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 27-29 градус жылы.

31 мамыр: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 28-30 градус жылы.

Бұған дейін метеорологтар 28 мамырда Астанада және Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жарияланғанын ескерткен.

Фото: TripAġġregator

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу