freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Колледж мұғалімі сабаққа кешіккен студентіне жаттығу жасатып, ауруханаға түсірді

Оқиға
Колледж мұғалімі сабаққа кешіккен студентіне жаттығу жасатып, ауруханаға түсірді

Атыраудағы энергетика және құрылыс колледжінің мұғалімі сабаққа кешігіп келген студентті жазалағысы келіп, 100 рет кеуде жаттығуын істеткен. Жерде жатып, кеудесін 100 рет көтерген бала ауруханаға түскен. Бұл туралы Azattyq Ryhy сайтына сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды. 

«Ақ Жайық» басылымының мәліметіне сүйенсек, оқиға жуырда, 30 қаңтарда болған.

«Әлеуметтік желіде таралған ақпаратқа сүйенсек, ағылшын тілінің мұғалімі сабаққа кешігіп келген 16 жастағы студентті жазалағысы келіп, 100 рет кеуде жаттығуын істеуді бұйырған. Бала сабаққа алты минут кешігіп келген екен. Баланың анасы жазғандай, сабақтан кейін баласы ауырып, ауруханаға барған. Дәрігерлер баланың қан қысы көбейгенін айтып, оны ауруханаға жатқызған», - деп жазады «Ақ Жайық».

Баланың анасы мұғалімнің әрекетіне наразы шығып, құқық қорғау органдарына арыз жазған. Студент болса мұғалім бұған дейін де сабақтан кешіккен балаларды осылай жазалаған дейді.

Атырау облысының білім басқармасы оқиғаны растап, тың мәлімет берген. 

«Мұғалім кешіккен студентті тәртіпке салғысып келіп, 100 рет жаттығу істеуді бұйырған. Студент әуел баста бас тартса да кейін 70 рет жаттығу істеген. Колледждің этика жөніндегі кеңесі мұғалімге қатысты тәртіптік жаза қолданған», - деп хабарлайды білім басқармасы.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу