freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

“Командасына сабақ болды”: Кәсіпқой бокс федерациясы Әлімханұлы туралы мәлімдеме жасады

Қоғам
“Командасына сабақ болды”: Кәсіпқой бокс федерациясы Әлімханұлы туралы мәлімдеме жасады
instagram/janibek_alimkhanuly

Жәнібек Әлімханұлы IBF нұсқасы бойынша чемпиондық белбеуінен айырылған еді. Бұл туралы Malim.kz Stan.kz сайтына сілтеп хабарлайды.

Осыған байланысты Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков өзінің Instagram парақшасында пікір білдірді.

Оның айтуынша, Жәнібек Әлімханұлының IBF чемпиондық белбеуінен айырылуы боксшының командасы үшін үлкен сабақ болуы тиіс.

Федерация президенті ретінде айтарым, бұл жағдай Жәнібектің командасы үшін үлкен сабақ болды. Дегенмен, ол биыл үлкен рингке бұрынғыдан да мықты болып оралады деп сенемін. Жәнібек алдағы уақытта әлемнің төрт негізгі чемпиондық белбеуін де жеңіп алады, – деді Ерденбеков. 

Сондай-ақ ұйым басшысы Жәнібектің командасы бұл жағдайға байланысты апелляциялық шағым түсіргенін де жеткізді.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы 2025 жылдың 2 желтоқсанында допинг дауына іліккен. 

Жәнібек Әлімханұлы 2025 жылдың желтоқсан айында WBA чемпионы Эрисланди Ларамен үш чемпиондық белбеуді біріктіру жекпе-жегіне шығуы тиіс еді. Алайда VADA жүргізген допинг сынамасынан мельдоний анықталғандықтан, айқас өтпей қалды. Даулы оқиғадан кейін Жәнібек Әлімханұлы бір жылға спорттан шеттетілді.

Қазіргі таңда Жәнібек Әлімханұлының иелігінде тек WBO нұсқасы бойынша чемпиондық белбеуі ғана қалды. WBO ережесіне сәйкес, шеттету мерзімі аяқталғаннан кейін Жәнібек уақытша чемпионмен міндетті жекпе-жек өткізуге тиіс.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу