Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Көп шулап, тыңдамаған 7-сынып оқушысын мұғалімі қолын байлап, белдікпен ұрған (ВИДЕО)

Әлем
Көп шулап, тыңдамаған 7-сынып оқушысын мұғалімі қолын байлап, белдікпен ұрған (ВИДЕО)
видеодан скриншот

Ресейдің Уфа қаласында мектеп мұғалімінің оқушыға күш қолданған сәті бейнежазбаға түсіп қалды, деп хабарлайды Malim.kz.

SHOT Telegram арнасының мәліметінше, оқиға №161 лицейде еңбек сабағы кезінде болған. Мәліметке сәйкес, 7-сынып оқушысы сабаққа кедергі келтіріп, бейәдеп сөздер айтып, Чебурашканың әдепсіз карикатурасын салған. Мұғалім оқушының бұл әрекетіне ашуланып, оны орнынан тұрғызып, тақта алдына алып келген. Кейін баланың қолын байлап, бүкіл сыныптың көзінше белдікпен ұрған.

Оқиға сәтін сыныптастары видеоға түсіріп алған. Бейнежазба әлеуметтік желілерде тез таралып, қоғамда кең резонанс тудырды.

Аталған дерек бойынша Башқұртстан прокуратурасы тексеру жұмыстарын бастады. Құқық қорғау органдары оқу орнының лауазымды тұлғалары мен мұғалімнің әрекетіне құқықтық баға беретінін мәлімдеді. Тексеру нәтижесіне қарай тиісті прокурорлық шаралар қабылданады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу