Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Коронавирус күшейіп келеді

Сұқбат
Коронавирус күшейіп келеді

Өткен тәулікте 630 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Яғни, бір күнде  630-ның  коронавируспен ауырғаны анықталды. Өкініштісі, науқастар саны күн сайын өсіп келеді.  Аймақтар бойынша, Шығыс Қазақстанда асқынып тұр:
Нұр-Сұлтан қаласы - 48
Алматы қаласы - 45
Шымкент қаласы - 5
Ақмола облысы - 34
Ақтөбе облысы - 3
Алматы облысы - 28
Атырау облысы - 12
Шығыс Қазақстан облысы - 236
Жамбыл облысы - 4
Батыс Қазақстан облысы - 40
Қарағанды облысы - 17
Қостанай облысы - 52
Қызылорда облысы - 0
Маңғыстау облысы - 1
Павлодар облысы - 50
Солтүстік Қазақстан облысы - 54
Түркістан облысы - 1

Жалпы ел бойынша  коронавируспен ауырғандар саны 12 0463.

Коронавируспен қабаттасып, пневмонияда күш алып келеді. Мәселен, өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 226 жағдайы тіркеліп,  екі науқас қайтыс болған.  71 адам емделіп шыққан.
1 тамыздан бері есептегенде: коронавирустық инфекция белігілері бар пневмониямен ауырғандар – 40 149 болса,  418 науқас көз жұмған,  29 556 адам жазылып шыққан.

Індет өршуінің алдын алу үшін қазір облыс орталықтары карантин шараларын қатаңдатып жатыр.  Әлбетте, індеттен сақтану өкіметтің ғана емес, әр кімнің жеке міндеті болуы тиіс. «Сақтансаң - Құдай сақтайды» деген ұстанымның уақыты кеп тұр.

Басты беттегі кескін  pixabay.com сайтынан

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу