Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Күйеу баладан күдіктеніп тұрмыз": Атырауда із-түссіз жоғалған отбасы жайлы сұмдық дерек шықты

Қоғам
"Күйеу баладан күдіктеніп тұрмыз": Атырауда із-түссіз жоғалған отбасы жайлы сұмдық дерек шықты
Ulysmedia.kz коллажы

Атырау облыстық полиция департаменті былтыр хабар-ошарсыз кеткен отбасыға қатысты тексерілмеген мәліметтерді таратпауға шақырды, деп хабарлайды Malim.kz.

Анықталғандай, Қызылқоға ауданына қарасты Жангелді ауылының тұрғындары – ерлі-зайыпты және олардың қызы мен ұлы белгісіз бағытқа шығып, содан бері қайта оралмаған. Желтоқсан айының соңында отбасы отағасының әпкесі полицияға ресми арыз берген.

Осы аралықта аталмыш әулеттің тағы бір қызы мен күйеу баласының да хабарсыз кеткені белгілі болды. Полиция дерегінше, олар Сарыағаш маңындағы Қапланбек бекеті арқылы Өзбекстан аумағына өткен.

Атырау облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құттыбай Садықовтың айтуынша, күйеу баласының анасы ұлын іздестірген кезде, ол келінін емдетуге алып бара жатқанын айтқан.

"Ол анасымен бірнеше мәрте байланысқа шыққан. Қазіргі уақытта анасы іздеу жариялап отырған жоқ. Соған қарамастан, полиция арыз қабылдап, іздестіру жұмыстарын бастады", – деді ол.

Сонымен бірге жоғалған төрт адамның ұялы телефондары Шымкент қаласында өшірілгені анықталған. Қазіргі таңда олардың нақты қайда екені белгісіз.

Полиция бұл отбасының күйеу баласы бес баласын Махамбет ауданында тұратын анасына қалдырып кеткенін де растады. Қазір тергеу және іздестіру шаралары жалғасып жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу