7 келі меф, 200 литр прекурсор... ҰҚК Алматыда есірткі зертханасын тапты (ФОТО, ВИДЕО)

Бәрін екі адам істеп отырған

Мәди Саматұлы

  • 02.06.2024

ҰҚК-нің Алматы қаласындағы департаменті қала прокуратурасының үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндіретін жерасты зертханасы әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәлімдеуінше, биыл 16 мамырда Алматдағы жер үйлердің бірінде психотроптық заттарды дайындап жатқан Қазақстанның екі азаматы ұсталған. Тінтіп жатқанда 7 кг «мефедрон» психотроптық заты және 200 литр прекурсор, сондай-ақ есірткі құралдарын дайындауға арналған жабдықтар алынған.

Табылған есірткінің құны «қара» нарықта шамамен 140 млн теңгені құрауы мүмкін.

Тергеу мәліметтері бойынша, ұсталған адамдар шетелдік интернет-дүкендердің бірінің мүддесі үшін «қайнатушылар» («варщиктер») деп аталатын адамдар ретінде жұмыс істеген.

Оларға қатысты соттың санкциясымен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Фото: ҰҚК

Байланысты жаналықтар

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

12.05.2025

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

10.05.2025

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

09.05.2025

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды

08.05.2025
MalimBlocks
Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

Алматыда жер сілкінді

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды