Айыппұлды ерте төлегенде берілетін 50 пайыз жеңілдік алынып тасталуы мүмкін

Арман Қайыпхан

  • 13.02.2025

Сенаттың жалпы отырысында депутаттар кейбір жүргізушілер үшін жол қозғалысы ережесін бұзатын айыппұлдар бойынша 50 пайыздық жеңілдікті алып тастауды ұсынды, деп хабарлайды Malim.kz

Бүгін бұрынғы ішкі істер министрінің орынбасары, қазіргі сенатор Марат Қожаев премьер-министр Олжас Бектеновқа жол қозғалысы ережелерін бұзушыларға қатысты жазаны күшейту туралы сауал жолдады.

2024 жылы Алматыда 4,2 миллионнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу жағдайы тіркелген. Бұзушылықтардың негізгі бөлігі (3,7 миллионнан астамы) автоматтандырылған техникалық құралдар арқылы анықталған. Алматыда көлік құралының бір жүргізушісі бір жылда үш миллион теңгеден астам сома айыппұл төлеп, 143 бұзушылық жасаған жағдай тіркелген, - дейді Марат Қожаев.

Ол техникалық құралдар тіркеген ереже бұзу дерегі бойынша жүргізушілердің жауапкершілігін күшейту мәселесін қарауды ұсынамыз деп айтты.

ӘҚБтК-дегі өзгерістерде техникалық құралдар тіркеген 10 және одан да көп бұзушылығы бар жүргізушілерді Жол жүрісі қағидалары бойынша теориялық емтиханды қайта тапсыруға жіберуді міндетті ету маңызды. Жүргізуші куәлігінен уақытша айыруға дейін камералармен тіркелген жол қозғалысы ережесін қайталап бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту қажет. Заң талабын бұзушыларға белгілі бір кезеңдегі тәртіп бұзу санын ескеретін сараланған жаза тетігін әзірлеу және ережені жүйелі түрде бұзушыларға айыппұл төлеуде 50% жеңілдікті алып тастау маңызды, - дейді сенатор.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Ер адам жол қиылыстарындағы 52 камераны атып сындырған

14.04.2025

Ұлының әрекеті үшін анасы сот алдында жауап берді

10.04.2025

Қызғалдақ жұлған әйел 12 миллион теңгеге жуық айыппұл төлеуі мүмкін

07.04.2025

Жол ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік күшейтілді

04.04.2025

5 сәуірден бастап тіркеуден өтпеген мопедтермен жүруге тыйым салынады

01.04.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Ер адам жол қиылыстарындағы 52 камераны атып сындырған

Әлеуметтік желіде оны батыр деп жатқандар бар.

Ұлының әрекеті үшін анасы сот алдында жауап берді

Жаңаөзен тұрғыны ұлының мектепке жарылғыш зат қойылғаны жөнінде жалған хабар бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Қызғалдақ жұлған әйел 12 миллион теңгеге жуық айыппұл төлеуі мүмкін

Қызғалдақ жұлған әйел млндаған теңге айыппұл төлеуі мүмкін

Жол ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік күшейтілді

5 сәуірден бастап тіркеуден өтпеген мопедтермен жүруге тыйым салынады