Ресейде енді интернеттен "экстремистік материалдар" іздейтіндерге айыппұл салынады

Ресей Мемлекеттік Думасы интернетте "әдейі экстремистік материалдарды іздегені" үшін 5 мың рубльге дейін айыппұл салуды көздейтін заң жобасын үшінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Malim.kz.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексіне 13.53-бап енгізілді. Оның атауы: "Ақпараттық ресурстар мен байланыс желілеріне қол жеткізуге арналған техникалық бағдарламалық құралдарды пайдалану арқылы, бұл ресурстарға қол жеткізу шектелген болса да әдейі экстремистік материалдарды іздеу және оларға қол жеткізу".
Экстремистік материалдарды әдейі іздегені үшін 3-тен 5 мың рубльге дейін әкімшілік айыппұл қарастырылған.
Сонымен қатар, VPN-сервистерді жарнамалағаны үшін 500 мың рубльге дейін айыппұл салу жөніндегі түзету де қабылданды. Мемдума VPN-сервистерін пайдалану арқылы қылмыс жасауды жауапкершілікті ауырлататын жағдай ретінде тану туралы түзетуді де қабылдады.
Фото: Sergei Fadeichev/TASS/dpa/picture alliance

Ең көп оқылған
