Ақмола облысында 200 метр тереңде жасырын цех ашып, алтын ұрлағандар ұсталды (ВИДЕО)

Салмағы 600 кг-нан астам құрамында алтыны бар 26 қап тәркіленді.

Malim Админ

  • 30.05.2024

ІІМ Ақмола облысының кен орындарында құрамында алтыны бар материалдардың заңсыз айналымына қатысы бар заңсыз кен қазушылардың әрекетін тоқтату бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Polisia.kz сайтының жазуынша, биыл полиция қызметкерлері 400-ден астам заңсыз кен қазушыны ұстап, жауапкершілікке тартты. Сегіз қылмыстық іс тіркелді.

Сондай-ақ топ болып әрекет ететін кен қазушылардың бригадалары анықталып, жолы кесілді.

Осындай ұйымдасқан топты биыл қаңтар айында Ақмола облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы ұстап, кенді қайта өңдейтін заңсыз цех жойылды. 

Салмағы 600 кг-нан астам құрамында алтыны бар 26 қап тәркіленді.

Сәуір айында Степногор қаласы прокуратурасының үйлестіруімен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлінісі алтын ұрлаумен айналысқан үш заңсыз кен қазушы бригаданың жолын кесті. 

Кенді қайта өңдейтін үш шағын цех, сегіз тоннадан астам құрамында алтыны бар концентрат, контрафактілік зергерлік бұйымдардың ондаған жиынтығы тәркіленді. Шахтаның 200 метр тереңінде жерасты жуу цехы табылды. Полицияға 20-дан астам адам жеткізілді. Тергеу жалғасып жатыр, - дейді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

26 мамырда Ақсу және Бестөбе елді мекендерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде тағы үш жерасты кен өңдеу цехы табылды.

Әртүрлі жабдықтар, шамамен 300 қап кен тәркіленді. Қылмыстық схеманың ұйымдастырушылары мен қызметкерлері ұсталды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және ерекше бақылауда, - деді Қуандық Алпыс. 

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

16.05.2025

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

11.05.2025

Жоғалып кеткен қыз зират басынан табылды

02.05.2025

Шымкентте ХҚКО басшылығы жүргізуші куәлігін заңсыз берген

02.05.2025

Олигархтардан қайтарылған 1 миллиард теңге қайда жұмсалмақ?

28.04.2025
MalimBlocks
Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды

Жоғалып кеткен қыз зират басынан табылды

Шымкентте ХҚКО басшылығы жүргізуші куәлігін заңсыз берген

Олигархтардан қайтарылған 1 миллиард теңге қайда жұмсалмақ?