Ақтөбе облысындағы оқушы өліміне қатысты іске Бас прокурор араласты

Арман Қайыпхан

  • 04.09.2024

Қайғылы оқиға 2 қыркүйекте Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңесту ауылында болған, деп хабарлайды Malim.kz.

Ақтөбе облысы Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, аталған жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалған. Жанжал сабақтан тыс уақытта, яғни түнде болған. Оқыс оқиға салдарынан 9-сынып оқушысы көз жұмды.

Жанжалдасқандар ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Екі күдікті анықталды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада.

Ақтөбе облысы Білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтанның сөзінше, ұсталған балалар толық отбасыдан шыққан. Есепте болмаған. 

Қазір мектепте балалар арасында қауіпсіздікті күшейту, тәртіпті қатаңдату, буллингтің алдын алу шаралары қолға алынды.

Бас прокурор Берік Асылов Ақтөбе облысы Қопа кентінде оқушылар арасында болған оқиғаны «тәрбие берудегі кемшіліктерге байланысты болды» деп атады. Ол бұл істің тергеу барысын жеке бақылауына алды.

«Ақтөбе облысы Қопа кентінде оқушының қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу барысын жеке бақылауыма алдым. Бұл жағдай тәрбие берудегі кемшіліктерге байланысты орын алған, соның салдарынан жасы үлкен балалар кішілерге әлімжеттік жасап, бірін-бірін ұруға мәжбүрлеген», - деп жазды Берік Асылов.

Фото: gov.kz 

Байланысты жаналықтар

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

16.05.2025

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

16.05.2025

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

16.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі бұған дейін адамға шабуыл жасағаны үшін 7 жылға сотталған

14.05.2025

Ливияда қақтығыс болып, қауіпсіздік қызметінің басшысы қаза тапты

13.05.2025
MalimBlocks