Астанада лауазымды қызмет атқарған шенеуніктер пара алған

Сотталушыларға екі эпизод бойынша айып тағылды. 

Malim Админ

  • 31.05.2024

Астанада Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі балық шаруашылығы комитетінің төрағасы мен балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасының басшысына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

Сотталушыларға екі эпизод бойынша айып тағылды. 

Біріншісі – 2021-2024 жылдар аралығында комитет төрағасы қарамағындағы басқарма басшысымен алдын ала сөз байласу арқылы комитетке бағынысты ұйымның бас директорынан жалпы қамқорлығы үшін 1,5 млн теңге пара алған.

Екіншісі – ЖШС директоры ұйым қызметінің қамқорлығы үшін банк арқылы 2 млн теңге пара аударған.

Сот отырысында министрліктің лауазымды тұлғалары кінәсін мойындап, жасаған істеріне өкінетінін мәлімдеді.

Шын жүректен өкінгені, құқықбұзушылықты ашуға жәрдемдескені және кішкентай балаларының бары сияқты жазаны жеңілдететін мән-жайлардың болуына қарамастан, комитет төрағасы мен басқарма басшысы мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік секторда лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 6 жылға сотталды, - деп хабарлайды Астана соттары.

Сондай-ақ Президентке комитет төрағасын мемлекеттік наградадан айыру туралы ұсыныс енгізілді.

Уәкілетті органға сыбайлас жемқорлық туралы, балық шаруашылығы қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың орын алуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау жайында жеке қаулы шығарылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

"Ресей климат қаруын іске қосты". "Жаңбыр адам" елдегі қуаңшылықтың себебін түсіндірді

16.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды

13.05.2025
MalimBlocks
"Ресей климат қаруын іске қосты". "Жаңбыр адам" елдегі қуаңшылықтың себебін түсіндірді

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды