Ата-анасыз неке қиюға бола ма? Нұрлан имам жауабы

Нұрлан имам қыз балаға ата-анасыз неке қиюына болмайтынын айтты

Сұлу Бөлек

  • 06.04.2025

Нұрлан имам қыз балаға ата-анасыз неке қиюына болмайтынын айтты, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

"Қыз бала неке қидырғанда жанында әкесі, бауыры, ағасы сынды бір жақыны болуы керек. Себебі қыз балалардың құлағына жігіттер неше түрлі әдемі сөздерді айтып, алдарқатып қоюы мүмкін. Сөйтіп қыз баланың басы айналып, не істеп, не қойғанын білмей, сенің жетегіңмен кетіп қалуы ықтимал. Әйелдерде эмоция, сезім көп болады. Сондықтан әлгіндей әемі сөзге елітіп, алданып қалып жатқан қыздар көп. "Сені екінші, үшінші әйелім қыламын" деп алдап, жылатып кеткен жағдайлар жетіп-артылады. Тіпті, намаз оқитындар, намазбен қорқытатындар бар арасында. Бұл – жақсы нәрсе емес", - деп жауап берді Нұрлан имам.

Заңда не делінген?

"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодекстің 2-бабына сәйкес тек мемлекеттік органдар қиған неке (ерлі-зайыптылық) танылады.

​Қазақстан Республикасының Неке-отбасы заңнамасы ерлер мен әйелдердің некесі (ерлі-зайыптылық) ерікті, ерлі-зайыптылар құқықтарының теңдігі, балаларды отбасында тәрбиелеудің басымдығы, олардың дамуы мен әл-ауқаты қағидаттарына негізделеді.

Фото: Pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда неке қию көрсеткіші де күрт төмендеді

14.05.2025

Алакөлден Бурабайға дейін: мемлекет балалардың жолақысын өтеп беретінін білесіз бе

09.05.2025

Нұрлан Еспановтың ұлы мешітте неке қидырды

06.05.2025

Қазақстанда отау құрған жұптардың жартысы ажырасқан - министр

21.04.2025

Әйел аузына келгенін айтады, оны жаба алмайсың – Нұрлан имам

21.04.2025

ТЖМ ата-аналарға үндеу жасады

20.04.2025
MalimBlocks
Қазақстанда неке қию көрсеткіші де күрт төмендеді

Алакөлден Бурабайға дейін: мемлекет балалардың жолақысын өтеп беретінін білесіз бе

Нұрлан Еспановтың ұлы мешітте неке қидырды

Жас жұп бұл ерекше сәтке есте қалатын ерекше күнді арнайы таңдаған

Қазақстанда отау құрған жұптардың жартысы ажырасқан - министр

2023 жылы елімізде 124 мың жұптың некесі қиылған.

Әйел аузына келгенін айтады, оны жаба алмайсың – Нұрлан имам

ТЖМ ата-аналарға үндеу жасады

Күн жылынғалы бері Қазақстанның түрлі өңірлерінен балалардың терезеден құлап кеткені туралы жаңалықтар жиілей түсті