«Бізге қатысы жоқ». Қорғаныс минстрлігі жауынгерлер өліміне түсініктеме берді
Министрлік бұл жағдайды Ұлттық ұланға сілтеген
Қорғаныс министрлігі мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің қазасына қатысты түсініктеме берді. Министрліктің мәлімдеуінше, қатардағы жауынгер Ербаян Мұхтаров пен қатардағы жауынгер Алмас Шахимовтың өлімі Ұлттық ұланда болған жағдай және оның Қарулы күштерге қатысы жоқ, деп хабарлайды Malim.kz.
2024 жылғы 13 мамырда Сарыөзек кентіндегі 29108 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгері Досымжан Сәлімжанның қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Әскери қызметшінің ата-анасына жан-жақты қолдау көрсетіліп, барлық тиісті өтемақылар төленеді. Қорғаныс мекемесі де, ата-аналар да жүргізіліп жатқан тергеудің шынайы болуына мүдделі, деп жазды министрлік.
Министрліктің хабарлауынша, әскери қылмыстарды тергеу барысын ҚР Бас прокуратурасы және ҚР Ішкі істер министрлігінің тиісті бөлімшелері қадағалайды.
Сондай-ақ, қарулы күштердің басшылығы мен әскери бөлімдердің қолбасшылығы тергеу әрекеттері мен қажетті рәсімдерді жүргізуде ашықтық пен бейтараптылық қағидаттарын ұстанады.
Фото: Қорғаныс министрлігі