Британиялық мұнай компаниясы Қазақстанға қарсы арыз-шағым түсірді

Бұл талап Атырау облысындағы Кемеркөл кен орнын барлау және игеру туралы келісімшарттың бұзылуынан туындаған

Malim Админ

  • 25.03.2025

Британиялық Victoria Oil&Gas мұнай компаниясы Энергетикалық хартия ережелеріне сүйеніп, Қазақстанға қарсы талап-арыз түсірді. Бұл туралы Kazinform.kz-ке сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды. 

Арыз Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталықта (ICSID) тіркелді. 

Energy Monitor қоғамдық қорының Telegram арнасының хабарлауынша, 2021 жылдың сәуір айында компания Қазақстанға қарсы жүздеген миллион доллар талап ететін арыз беретінін мәлімдеген еді. Бұл талап Атырау облысындағы Кемеркөл кен орнын барлау және игеру туралы келісімшарттың бұзылуынан туындаған.   

Energy Monitor қоғамдық қорының директоры Нұрлан Жұмағұлов аталған талап-арыздың саяси астары да бар екенін атап өтті.

Стати ісімен салыстырғанда (Боранкөл мен Толқын кен орындары) Кемеркөл кен орны жүздеген миллион доллар шығынды ақтайтындай ауқымды емес. Сондықтан бұл талап-арыздың экономикалықтан гөрі саяси мәні басым деп ойлаймын, - деді ол. 

Оның айтуынша, Victoria Oil&Gas 2005 жылы Saga Creek Gold Ltd компаниясынан Кемеркөл кен орнының 100% үлесін 8,5 миллион доллар қаржыға сатып алған. Компания бірнеше ұңғыма бұрғылап, 15 миллион тонна мұнай қоры барын анықтаған. Алайда, 2008 жылы жер қойнауын пайдалану келісімшарты күшін жойды, себептері еш түсіндірілмеді.

Сол жылы Кемеркөл кен орнына құқық «Bakyt Tau» ЖШС-не 360 миллион теңгеге берілді, ал 2016 жылы «Ап-Нафта Оперейтинг» ЖШС-не 1,36 миллиард теңгеге сатылды.

Фото: freepik

 

 

 

 

Байланысты жаналықтар

Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

12.05.2025

Жайыққа батқан жасөспірім үш күннен бері табылмай жатыр

06.05.2025

Онлайн-банкинг арқылы 80 млн теңгедей қаржы жымқырған

05.04.2025

Атырау облысында ер адам әйелін жұмыс орнында өлтірген

29.03.2025

Су тасқыны-2025. Қанат Бозымбаев ел батысындағы жағдаймен танысты

27.03.2025

Қазақстанның бес облысында су тасқыны болуы мүмкін - Қазгидромет

26.03.2025
MalimBlocks
Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

Жайыққа батқан жасөспірім үш күннен бері табылмай жатыр

Онлайн-банкинг арқылы 80 млн теңгедей қаржы жымқырған

Қылмыстық іс қозғалды

Атырау облысында ер адам әйелін жұмыс орнында өлтірген

Атырау облысы Құлсарыдағы емхана қызметкері қанды қылмыстың құрбаны болды. 33 жастағы күдікті бұрынғы әйелін жұмыс орнына іздеп барып, сол жерде бауыздап тастаған

Су тасқыны-2025. Қанат Бозымбаев ел батысындағы жағдаймен танысты

Қазақстанның бес облысында су тасқыны болуы мүмкін - Қазгидромет

Қазгидромет мамандары Қазақстанда қай аймақтарды су басу қаупі бар екенін айтты