Былтыр іздеуде жүрген 2 мыңдай адам қолға түскен

Хабар-ошарсыз кеткен 1361 адамның мекенжайы анықталған

Мәди Саматұлы

  • 11.01.2025

2024 жылы Ішкі істер министрлігі Қазақстанның құқық қорғау органдары іздестіріліп жатқан 1949 күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, олардың ішінде: адам өлтіру бойынша – 43; қарақшылық шабуыл бойынша – 22; денсаулыққа ауыр зиян келтіру бойынша – 37; зорлау бойынша – 6; тонау бойынша – 68; бопсалау бойынша – 21; ұрлық бойынша – 484; есірткі қылмысы бойынша – 91 адм қолға түскен.

ТМД елдері мен алыс шет мемлекеттер үшін 844 қылмыскер ұсталған. Одан бөлек, хабар-ошарсыз кеткен 1361 адамның мекенжайы анықталған.

Қаңтардың басында Шымкентте жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында мемлекетаралық іздеуде жүрген 52 жастағы ер адам ұсталған. Ол өткен жылдың қарашасында қарызын қайтармағаны үшін 54 жастағы қала тұрғынын атқан. Ал Семейде полиция 35 жастағы ер адамды құрықтаған. Ол 2023 жылы топпен бірге Алматыда қоғамдық көліктерде қалта ұрлығымен айналысқан. Жедел қызметкерлер барлық күдіктіні ұстады. Олар 42 ұрлық эпизодына қатысы бар айыпталып отыр.

Фото: polisia.kz

Байланысты жаналықтар

LRT құрылысындағы ұрлық ісі бойынша күдіктілердің бірінің қайда екенін анықталды

15.04.2025

Киберполиция "мемлекеттік грант алып беремін" деп алдаған алаяқты ұстады

14.04.2025

Сот аумағынан қашқан күдікті ұсталды

14.04.2025

Астанада сәби 15-қабаттың терезесінен құлап кетті

12.04.2025

Қазақстанда кімге көлік тізгіндеуге тыйым салынған?

11.04.2025

Журналист Лұқпан Ахмедьяровты полиция ұстады

10.04.2025
MalimBlocks
LRT құрылысындағы ұрлық ісі бойынша күдіктілердің бірінің қайда екенін анықталды

Интерпол LRT құрылысындағы ұрлық ісі бойынша күдіктілердің бірінің қайда екенін анықтады

Киберполиция "мемлекеттік грант алып беремін" деп алдаған алаяқты ұстады

Сот аумағынан қашқан күдікті ұсталды

Астанада сәби 15-қабаттың терезесінен құлап кетті

Қазақстанда кімге көлік тізгіндеуге тыйым салынған?

Полиция Қазақстанда көлік тізгіндегендерге қатысты жас шектеуі мен тыйымдар туралы айтты

Журналист Лұқпан Ахмедьяровты полиция ұстады