Елордада кабель ұрлағыш «тышқандар» қолға түсті (ВИДЕО)

Олар ұрлықта «тышқан» әдісін қолданып отырған

Мәди Саматұлы

  • 10.11.2024

Астанада полиция «крот» әдісімен кабель ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Malim.kz.

Қала полициясының мәлімдеуінше, полиция қызметкерлері қалада үш адамнан құралған тұрақты қылмыстық топты анықтаған. Олар кабель өнімдерін ұрлаумен айналысқан. Күдіктілер негізінен түнде канализациялық люктер арқылы жерасты құдықтарына кіріп, мыс кабельдерді ұрлаған. Әрқайсысының нақты міндеттері болған, олар ұрлыққа мұқият дайындалып отырған.

Ұрланған заттарды сату орнында тінту барысында полиция 7 қапқа салынған тазартылған мыс кабель өнімдерін және 3 радиостанция тапты. Сонымен қатар, сатып алушыдан электронды және механикалық таразылар мен мыс кабель өнімдері тәркіленді, деп жазылған полиция мәлімдемесінде.

Барлық күдікті өз кінәларын мойындап, бес кабель ұрлығының, соның ішінде, трансформаторлық подстанциядан мыс шиналарын ұрлаудың бір эпизодына қатысы бар екенін растаған.

Қазір олар уақытша ұстау изоляторына қамалып, осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Фото: сриншот

Байланысты жаналықтар

Астанадағы циркте гимнаст қыз биіктен құлады

19.05.2025

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

14.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

13.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды

10.05.2025
MalimBlocks