Гүлмира Сатыбалдының адвокаты судьяны өзгертуді талап етті

Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сотта адвокат Әсемгүл Данилова судья Мартпек Кәкімжановқа қарсылық танытты.

Malim Админ

  • 22.08.2024

Процесс Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтіп жатыр. 

Айыпталушы қорғаушысының сөзінше, 19 тамыз күні өткен сотта судья Кәкімжанов сот тергеуін аяқтау туралы заңсыз қаулы шығарған.

-    Сот барысында Гүлмира Сатыбалдының кінәсіздігін дәлелдейтін құжаттар ұсынылған жоқ. Сонымен қатар сараптама жүргізілмеді. Ол туралы қорғаушы өтініш білдірді, қосымша куәгерлер шақырылмады», - деді Г. Сатыбалдының адвокаты.

Ал жәбірленуші Абай Жүнісовтің адвокаты Рашид Теңізбаев әріптесінің сөзімен келіспеді. Ол судья Кәкімжанов сот талқылауында қылмыстық істі жан-жақты, объективті тексеруді қамтамасыз еткенін атап өтті.

Судья Мартпек Кәкімжановқа наразылықты осы соттың басқа судьясы Еркін Майшинов қарады. 

-    Сот судья Кәкімжановқа қарсылықты қанағаттандыруға негіз жоқ деген қорытындыға келеді. Сот тергеуін аяқтау айыптау үкімінің бар екенін куәландыра алмайды. Себебі, судья дәлелдемелерді өзінің ішкі сенімдері бойынша бағалайды және заңды басшылыққа алады. Бұл іске жеке қызығушылық танытады деп ойлауға негіз жоқ. Бас тартуды қабылдамау туралы қаулы етемін», - деді судья Еркін Майшинов. 

Айта кетейік, бұған дейін жеке кәсіпкер Абай Жүнісов Гүлмира Сатыбалды бірлескен серіктестікте ұрлық жасады деп айыптаған. Гүлмира Сатыбалды кәсіпкерге кінәсін мойындауды талап етіп, 2019 жылы ақпанынан бері үйінде заңсыз қамауда ұстағанын мәлімдеген еді. 

Гүлмира Сатыбалды өзіне тағылған айыппен келіспейді. Бұдан бөлек, былтыр Гүлмира Сатыбалды біреудің мүлкін иемдену және жымқыру қылмыстық ісі бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Фото: Еламан Турысбеков / Kazinform

Байланысты жаналықтар

Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

19.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

"Қарыз алып, қайтармады": Жолмановаға қатысты сот жалғасып жатыр

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025
MalimBlocks
Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

"Қарыз алып, қайтармады": Жолмановаға қатысты сот жалғасып жатыр

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды