«ІnDriver» жүргізушілеріне талап күшейеді

Жүргізушінің тынығу режимінің бұзылуынан, рейс алдында медициналық тексеруден өтпеуінен жол апаты көбейген

Malim Админ

  • 21.10.2024

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап «ІnDriver» такси қосымшасына басқа мемлекетте тіркелген, рөлі оң жақта орналасқан және ҚР Заңнамасын жиі бұзатын автокөліктерге тіркелуге шектеу қойылады.


Бұл ереже биыл мамыр айында Көлік және Ішкі істер министрліктерімен және «ІnDriver», «Яндекс» такси қосымшаларының басшылығы арасында жасалған меморандумға сәйкес жүзеге аспақ.

 «Мұның себебі соңғы кездері жүргізушінің тынығу режимінің бұзылуы, рейс алдында медициналық және механикалық тексеруден өтпеуі, міндетті сақтандырусыз жолаушылар тасымалдауы салдарынан жол апаты көбейді. Олардың елеулі бөлігі «InDriver», «Яндекс» такси жүргізушілерімен орын алуда. Елімізде «InDriver», «Яндекс» такси бағдарламасын мобильді қосымшаға тіркеу арқылы қаншама көлік жолаушылар тасымалдауда. Алайда ол азаматтар ҚР Ұлттық стандартындағы такси тасымалдаушыларына және қызмет көрсететін такси автокөліктеріне қойылатын талаптарына сәйкес келмейтін автокөліктермен жолаушылар тасымалдауда» дейді бұл жөнінде Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек.

Нақтырақ айтсақ, жергілікті атқарушы органға такси қызметін бастағаны жөнінде хабарлама жолдамай, басқару құрылғылары оң жақта орналасқан, пайдалану мерзімі 15 жылдан асатын және автокөлік жүрісі 500 мың шақырымнан асатын, тіпті басқа мемлекетте тіркелген автокөліктермен жолаушылар тасымалдануда.

Осы ретте Жамбыл облысында 14 рейдтік жұмыстары ұйымдастырылып, 128 автокөлік тексерілді. Нәтижесінде 385 хаттама толтырылып, 3,5 млн. теңге айыппұл салынды. 

Фото: baribar.kz 

Байланысты жаналықтар

11 өңірдің көлік жүргізушілеріне ескерту жасалды

24.10.2024

Ішкі істер министрлігі ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерге үндеу жасады

12.10.2024

Астанада көшеде дрифт жасаған екі бұзақы жүргізуші ұсталды

12.10.2024

Шекаралас аудандарда инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда

19.09.2024

Жол ережесін өрескел бұзған азаматқа 1 млн теңге айыппұл салынды

03.09.2024

Шымкентте мас адам автобуста бұзақылық жасып, ақырында жолаушы әйел қаза тапты

17.08.2024
MalimBlocks
11 өңірдің көлік жүргізушілеріне ескерту жасалды

Ішкі істер министрлігі ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерге үндеу жасады

Министрлік жол қозғалысы кезіндегі сақтық шараларын ескертті

Астанада көшеде дрифт жасаған екі бұзақы жүргізуші ұсталды

Олардың көліктері тұраққа қамалған

Шекаралас аудандарда инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда

Мұндай шаруалар аудан экономикасына серпін береді

Жол ережесін өрескел бұзған азаматқа 1 млн теңге айыппұл салынды

Ол қала аумағында үш күнде 39 рет жылдамдықты арттырған

Шымкентте мас адам автобуста бұзақылық жасып, ақырында жолаушы әйел қаза тапты

Жүргізуші ауруханаға жеткізілген, ал әйел жедел жәрдем келгенше жүріп кетті