457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Интернет алаяқтық: елордалықтар 1 млрд теңгесінен айырылды

3 қылмыстық топ әшкереленді

Жыл басынан бері елордада 1293 интернет алаяқтық фактісі тіркелді. Бұл туралы Астана қаласы Полиция департаментінің киберқылмыспен күрес басқармасының бастығы Талғат Бөлегенов мәлім етті,- деп хабарлайды Malim.kz. 


Биыл 4 айда елордада 1293 интернет алаяқтық фактісі тіркелді, былтырғы 4 аймен салыстырғанда 16 пайызға төмен. Алаяқтық фактісі бойынша 78 тұлға ұсталып жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ 3 қылмыстық топ әшкереленді, оның біреуі алаяқтық Call орталығын ұйымдастырған. Интернет алаяқтық әрекеттерден келген жалпы залал көлемі – 1 млрд 903 млн 839 мың теңге, - деді Талғат Бөлегенов Астана қаласы коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның мәлімдеуінше, залал соманың 15,5%-ы, яғни 295 млн 614 мың теңгесі ғана өтелді.

Интернет алаяқтықтан зардап шеккендердің 22%-ы 18-30 жас арасындағы азаматтар, 47%-ы 31-50 жастағы азаматтар және 31%-ы 50 жастан жоғары адамдар, - дейді ол.

Сондай-ақ спикер биыл Полиция департаменті жанынан киберқылмыспен күрес бөлімшесі құрылғанын мәлім етті.

Фото: aqtobegazeti.kz