Параны уәде ету, ұсыныс жасау және сыйақыны қорқытып алу енді қылмыс ретінде қаралмақ

Мәжіліс заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Мәди Саматұлы

  • 15.01.2025

Пара беретіні туралы уәде беру, ұсыныс жасау және талап қойғаны үшін бұдан былай қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Сонымен қатар, қызметкердің сыйақысын бопсалау да қылмыстық жауапкершілік санатына жатқызылмақ. Мәжіліс бүгін осындай заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұловтың айтуынша, бұл мәселе 16 жылдан бері күн тәртібінде тұр. 2008 жылы Қазақстан ратификациялаған БҰҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясында параны уәде етуді, ұсынуды және бопсалауды қылмыстандыру қажеттілігі көзделген.

Бұл экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы сарапшыларының есептерінде де қамтылған. Конвенция барлық қатысушы елді параны уәде етуді, ұсынуды және талап етуді қылмыстандыруға міндеттейді. Түзетулерді пысықтау барысында шет елдердің тәжірибесі зерделенді. Мысалға, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының барлық 38 елінде пара ұсынғаны және оны уәде еткені үшін қылмыстық жауапкершілік бар. Өйткені, оның заңнамада болуы ұйымның міндетті шарты болып табылады. Бұл нормалар посткеңестік аймақта көптеген мемлекеттің заңнамасында көзделген. Армения, Грузия, Әзірбайжан және т.б. мемлекеттерде бар, дейді ол.

Сондай-ақ, мемлекеттік орган, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйым қызметкерінің заңсыз сыйақыны қорқытып алуына байланысты қылмыстарды анықтау жөніндегі жұмыс жетілдірілмек.

Түзетулер 2021 жылғы 1 қыркүйектегі мемлекет басшысының жолдауында айтылған тұрмыстық сыйбайлас жемқорлықты жою жөніндегі тапсырмасын орындауға бағытталған.

Тәжірибеге сүйенсек, ХҚКО-ның, ауруханалардың, ЖОО-ның және банк қызметкерлерінің сыйақыларды бопсалау деректері жиі кездеседі. Мысалы, 2023 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің колл-орталығына 27 мыңнан астам қоңырау түсті. Оның ішінде 2 мыңға жуығы egov мәселелері бойынша және ХҚКО қызметкерлеріне шағымдар. Одан бөлек, 1,5 мың өтініш медициналық қызмет көрсету мәселелері бойынша, 940 қоңырау – білім беру саласындағы шағымдар. Аталған ұйымдардың қызметкерінен заңсыз сыйақы алғаны үшін қылмыстық жауаптылық Қылмыстық Кодекстің қолданыстағы 247-бабы бойынша туындайды. Олар шенеуніктер болмаса да сәйкесінше сыбайлас жемқорлық қылмыстарының субъектілері емес, бірақ соған қарамастан бұл сыбайлас жемқорлық ретінде қабылданады, дейді Ұлан Сарқұлов.

Оның сөзінше, бүгінде ҚК-нің 247-бабында көзделген қылмыс ішкі істер органдарының айрықша тергеулігі болып табылады. ҚК-нің 247-бабы бойынша істі тергеп-тексеру үшін пара алу бойынша жедел іздестіру қызметінің барлық арсеналы қолданылуы керек. Басқаша оларды анықтау қиын. Сондықтан халық оларды жазасыз қалады деп ойлайды. Осыған орай заң жобасында сыйақыны қорқытып алу белгілері болған кезде арнайы жедел іздестіру іс-шараларын өткізуге мүмкіндік беретін түзетулер көзделген.

Сондай-ақ, ҚК сыйақыны заңсыз бергені үшін жауапкершілікті көздейтін жаңа 247.1 баппен толықтырылып отыр. Бұл парақорлыққа ұқсас тек алушыларды ғана емес, сыйақыны берушілерді де жауапқа тартуға мүмкіндік береді.

Мәжіліс депутаттары заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Фото: Жансерік Күзембай/Malim.kz

Байланысты жаналықтар

Қыз алып қашқандар 5 жылға дейін сотталуы мүмкін

05.02.2025

«Балық басынан шіріп жатыр». Депутат Дайрабаев Бектеновке сауал жолдады

05.02.2025

Ерлан Қарин: Заң үстемдігінің қамтамасыз етілуі – мемлекеттің негізгі міндетінің бірі

29.01.2025

Аягөзде оннан астам ауылды жапқалы жатыр – Ринат Зайытов, депутат

29.01.2025

Әскери дайындыққа 3 мың қазақстандық шақырылады

27.01.2025

Айыппұл жүйесі әділетті әрі тиімді болу үшін оны қайта қарау қажет – Асхат Аймағамбетов, депутат

26.01.2025
MalimBlocks
Қыз алып қашқандар 5 жылға дейін сотталуы мүмкін

Сонымен қатар, айыппұл салынып, қоғамдық жұмысқа тартылады

«Балық басынан шіріп жатыр». Депутат Дайрабаев Бектеновке сауал жолдады

Ерлан Қарин: Заң үстемдігінің қамтамасыз етілуі – мемлекеттің негізгі міндетінің бірі

Аягөзде оннан астам ауылды жапқалы жатыр – Ринат Зайытов, депутат

Соңғы жылда ШҚО-да 350 ауыл бос қалған

Әскери дайындыққа 3 мың қазақстандық шақырылады

Айыппұл жүйесі әділетті әрі тиімді болу үшін оны қайта қарау қажет – Асхат Аймағамбетов, депутат

Депутат кей айыппұлдың талас тудыратынын айтады