Павлодарда майнинг жабдықтары тәркіленген ресейліктің шағымы өзгеріссіз қалды

Ол жабдықтарды лицензиясын сыртқа шығарғысы келген

Мәди Саматұлы

  • 13.07.2024

Павлодар облыстық сотында майнингтік жабдықтарды лицензиясыз экспорттау фактісі бойынша 2 әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды Malim.kz.

Облыстық сот мәлімдеуінше, Ресей азаматы Қазақстанда шамамен 4 миллион теңгеге майнинг жабдықтарын сатып алып, оны уәкілетті органдардың лицензиясын алмай-ақ шетелге шығаруға тырысқан. Осы әрекеттері үшін аудандық сот ресейлік азаматты ӘҚБтК-нің 436-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жазаға тартқан. Одан майнингтік жабдықтар тәркіленіп, оған 55 мың теңге айыппұл салынған.

Айыппұлды төлегеннен кейін құқықбұзушы сот қаулысының тәркілеу туралы бөлігіне апелляцияға шағымданады. Ол қаулының күшін жойып, тәркіленген тауарды кері қайтаруды сұрап, оған тиісті лицензия алатынын айтып, уәде береді.

Облыстық сот алқасы мыналарды назарға алған:

майнинг жабдығының экспорты ұлттық қауіпсіздік мақсатында бақыланатын әрі екі мақсатта пайдаланылатын ерекше тауарларға жатады;

ресейлік жабдықты тек экспортқа шығару мақсатында сатып алған, өзі Қазақстанда тұрмайды, тіркеуде жоқ.

Жоғарыда айтылған мән-жайларды ескере келіп, алқа бірінші сатыдағы сот қаулысының тәркілеу бөлігінің күшін жоюға құқықтық негіз таппады. Сондықтан шағым қанағаттандырусыз қалдырылды. Сол негіздер бойынша басқа азаматқа қатысты басқа іс бойынша қаулы да өзгеріссіз қалдырылды. Қаулылар заңды күшіне енді, деп жазды облыс соты.

Айта кетейік, майнингтік жабдықтар (биткоин өндіруге арналған майнингтік сервер) заң бойынша ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласында екі мақсатта пайдаланылатын тауарларға жатады. Оны әскери мақсатта да қолдануға болады. Осыған байланысты мұндай жабдықтың экспортын ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнайы лицензия алу арқылы мемлекет бақылайды.

Фото: sia.ru

Байланысты жаналықтар

Жезқазған тұрғыны қызды интимдік видеосын жариялаймын деп бопсалаған

02.04.2025

Адам зорлады: Қаскелеңде сот ғимаратынан күдікті қашып кетті

01.04.2025

Семейде баланы соққыға жыққан жасөспірімдердің ата-анасына үкім шықты

01.04.2025

Францияда белгілі оппозиция басшысы Марин Ле Пен бас бостандығынан айырылды

31.03.2025

Павлодарда оңалту орталығының басшысы мүгедектерден тегін қызмет үшін ақша алған

28.03.2025

Ақтөбе облысында балаларын өлтірді деп айыпталған әйел қамауға алынды

27.03.2025
MalimBlocks
Жезқазған тұрғыны қызды интимдік видеосын жариялаймын деп бопсалаған

Адам зорлады: Қаскелеңде сот ғимаратынан күдікті қашып кетті

1 сәуірде Алматы облысында аудандық сот ғимаратынан зорлау бойынша күдікке ілінген адам тергеу барысында қашып кеткен

Семейде баланы соққыға жыққан жасөспірімдердің ата-анасына үкім шықты

Семейде оқушыны соққыға жығып, видеоға түсірген жасөспірімдердің ата-анасына үкім шықты

Францияда белгілі оппозиция басшысы Марин Ле Пен бас бостандығынан айырылды

Павлодарда оңалту орталығының басшысы мүгедектерден тегін қызмет үшін ақша алған

Павлодардағы мүгедек балаларға арналған оңалту орталығында алаяқтық схемасы әшкере болды

Ақтөбе облысында балаларын өлтірді деп айыпталған әйел қамауға алынды

Ақтөбеде балаларын өлтірді деген күдікке ілінген әйелді қамауға алынды