457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Полиция Қазақстанда банк картасын ашқандарды тергеуге шақырып жатыр

IMAGE: ©inbusiness.kz

RTVI басылымы Қазақстанда ресейліктерге банк картасын заңсыз ашу ісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын хабарлайды.

Бұл іс - ЖСН беруге байланысты екен. Банк картасын бұл нөмірсіз алу мүмкін емесі белгілі. Қазірге дейін 240 мың ресейлік Қазақстан банктерінің картасын аштырғаны белгілі болды.

Картаны 2024-2025 жылдары аштырғандарды полиция тергеуге шақырып жатқан көрінеді. Осылайша, жүздеген ресейлік назарға ілігіпті.

2024 жылға дейін Қазақстанда ЖСН беру тәртібі еркін болатын. Оны бөтен елден, қашықтан да ашуға мүмкіндік бар еді.

IMAGE: ©Әлеуметтік желідегі жарнамалардың бірі (Youtube.com)

Ресейліктердің қазақстандық төлем жүйесіне назары Украинамен соғыс басталғалы күрт артқан. Себебі, Ресей санкцияға ұшырағандықтан, халықаралық SWIFT төлем жүйесінен шеттетіле бастаған еді.

Ал 2024 жылдың ақпанында Қазақстан ЖСН-ді қашықтан беруге тыйым салды. Соған қарамастан, желіде ресейліктерге банк картасын ашу қызметін ұсыну тоқтаған емес. Биыл наурызда  Қазақстан Ішкі Істер Министрлігі қашықтан берілген ЖСН бойынша қылмыс іс қозғалғанын хабарлады. Енді, заңсыз алып үлгерген азаматтар полицияға шақырылуда.