Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан полициясы қызметін күшейтілген нұсқаға ауыстырды

Құқық
Қазақстан полициясы қызметін күшейтілген нұсқаға ауыстырды

Ішкі істер органдарының жеке құрамы бүгіннен бастап толық қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына көшті, деп хабарлайды Malim.kz.

Polisia.kz жазуынша, Тәуелсіздік күні қарсаңында полиция қоғамдық тәртіпті, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарын күшейткен. Мерекелік іс-шаралар өтетін жерлерде, сондай-ақ, азаматтар көп жиналатын орындарда және мемлекеттік қорғауға жататын нысандарда полиция нарядтары көбейтілген.

Жедел басқару орталықтарына қосылған бейнебақылау камераларының көмегімен бақылау күшейтілді. Ішкі істер министрлігі іс-шаралардың өткізілуі кезінде қоғамдық қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараны қабылдайды, деп жазылған Ішкі істер министрлігінің мәлімдемесінде.

Фото: polisia.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу