«ҚазАвтоЖол»-ға 1 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Жолдарды күтіп ұстамағаны үшін 160 лауазымды қызметкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Malim Админ

  • 21.08.2024

Батыс Қазақстан облысы аумағы арқылы өтетін халықаралық және республикалық маңызы бар жолдарға жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша көптеген кемшілік анықталды.


БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, шұңқырлар мен ойықтар, жолдың шөгуі, сондай-ақ жол белгілерінің болмауы көлік қозғалысына тікелей әсер етеді. «Осыған байланысты БҚО полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының атына орындау мерзімдерін белгілей отырып, кемшіліктерді жою туралы нұсқама жолдаған болатын. Алайда қайтадан тексеру кезінде кемшіліктердің жойылмағаны, нұсқамалардың орындалмағаны белгілі болды. Сондықтан аталмыш филиалға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 462-бабы 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік іс қозғалып, сот тәртібімен 1 млн 292,2 мың көлемінде айыппұл салынды. Жалпы, биыл жеті айдың қорытындысы бойынша БҚО полиция департаментінің бөліністері жолдарды тиісінше күтіп ұстамағаны үшін 160 лауазымды қызметкерді, соның ішінде 70 бірінші басшыны әкімшілік жауапкершілікке тартты», - деп хабарлады ведомстводан.

Фото: БҚО полиция департаменті 

Байланысты жаналықтар

Қазақстан жолдарында жыл сайын 300-ден астам бала көз жұмады

20.05.2025

Жеңіс саябағында билеген оқушы қыздар жазаланды

08.05.2025

Қазақстанда тағы бір жол ақылы болды

05.05.2025

СҚО-да квадроциклмен қап тасыған баланың ата-анасына айыппұл салынды

01.05.2025

Ақтауда киімін далаға ілген әйел айыппұл арқалады

29.04.2025

Қазақстанда қытайлық компанияға қомақты айыппұл салынды

28.04.2025
MalimBlocks
Қазақстан жолдарында жыл сайын 300-ден астам бала көз жұмады

Жеңіс саябағында билеген оқушы қыздар жазаланды

Қазақстанда тағы бір жол ақылы болды

СҚО-да квадроциклмен қап тасыған баланың ата-анасына айыппұл салынды

Аймақта су тасқынының алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр

Ақтауда киімін далаға ілген әйел айыппұл арқалады

Қазақстанда қытайлық компанияға қомақты айыппұл салынды