Қостанайда қоғамдық көлікті жүргізуші мас күйінде айдаған

Көлік айып тұрағына қойылды. Өзі қамауға алынуы мүмкін

Мәди Саматұлы

  • 15.01.2025

Қостанай қаласында 29 жастағы маршруттық автобус жүргізушісі алкогольдік масаң күйде көлік басқарғаны үшін ұсталды деп хабарлайды Malim.kz.

Polisia.kz жазуынша, ол күнделікті жолаушылар тасымалымен айналысқан. Үзіліс кезінде сыра ішкен жүргізушіні сапарға қайта шыққанда патрульдік полиция байқап, тоқтатқан. Медициналық куәландыру оның орташа дәрежеде масаң болғанын растаған. Бұған қоса, жүргізушінің міндетті сақтандыру полисі де болмағаны анықталған. Полиция өкілдері автобустың жеке кәсіпкердің атында тіркелгенін және жолға шығар алдында міндетті техникалық тексерістен өтуі тиіс екенін хабарлаған.

Daimler Benz көлігі арнайы айыптұраққа қойылды. Жүргізушіге екі әкімшілік жаза қолданылуы мүмкін: ол 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылады. Сонымен қатар, сақтандыру полисінің болмағаны үшін шамамен 40 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттеледі. Автобусты сақтандырусыз жолға шығаруға рұқсат берген механик те жауапкершілікке тартылады, деп жазды полиция.

Бұл оқиғадан бөлек, Қостанайда тағы бір маршруттық автобус жүргізушісі ұсталған. Ол алдыңғы әйнегі сынған автобусты жүргізген. Бұл заңбұзушылықты бір жыл ішінде қайталап жасаған болып шықты. Оның көлігі де айыптұраққа қойылған. Жүргізуші мен автобусты жолға шығаруға рұқсат берген механикке әкімшілік шаралар қолданылмақ.

Полиция қызметкерлері елімізде «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатқанын еске салады. Оның алғашқы күні Қостанай облысында такси және шағын автобус жүргізушілерінің жол қозғалысы ережесін бұзған 74 дерегі тіркелді. Сондай-ақ, заңсыз тасымалмен айналысқан 8 жүргізуші мен жолаушыларға такси қызметін рұқсатсыз ұсынған 10 азамат анықталды.

Фото: polisia.kz

Байланысты жаналықтар

Қостанайда тұрғын үйден өрт шықты

06.04.2025

Қате диагноз қойылды: ата-ана баласының өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр

06.04.2025

Қалаларда құрылыс материалдарының бағасы күйіп тұр

06.04.2025

Қостанай – Алматы бағытындағы пойыз өртенді

22.03.2025

Ақтөбе облысында автобус бұзылып, 61 шетелдік эвакуацияланды

23.01.2025

Турагентке сеніп саяхатсыз қалған елуден аса қостанайлық полицияға шағымданды

23.01.2025
MalimBlocks
Қостанайда тұрғын үйден өрт шықты

Қостанайда тұрғын үйден өрт шықты. ТЖМ қызметкерлері 6 адамды құтқарып, 8 адамды эвакуациялады

Қате диагноз қойылды: ата-ана баласының өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр

Қостанайда 7 жастағы қыздың ата-анасы дәрігерлерді баласының өліміне кінәлап отыр

Қалаларда құрылыс материалдарының бағасы күйіп тұр

Кірпіш бағасы еліміз бойынша ең қымбат, яғни, 500 данасы орта есеппен 75 000 теңге тұрады

Қостанай – Алматы бағытындағы пойыз өртенді

Ақтөбе облысында автобус бұзылып, 61 шетелдік эвакуацияланды

Олар Тәжікстаннан Ресейге бара жатқан

Турагентке сеніп саяхатсыз қалған елуден аса қостанайлық полицияға шағымданды

Олардың жалпы шығыны 40 млн теңгені құраған