Қыздарды харассменттен қорғауға бағытталған заң жобасы әзірленіп жатыр

Біреулер қолдаса, кейбірі үзілді-кесілді қарсы

Malim Админ

  • 19.09.2024

Қазақстанда әйелдер мен қыздарды харассменттен қорғауға бағытталған заң жобасы әзірленіп жатыр.  Бұл ақпаратты Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха  жеткізді. 


«Қазір қоғамда бұл тақырып көтеріліп жатыр және харассмент бойынша ұсыныстар да айтылып жүр. Бұл тұрғыда қарама-қайшы пікірлер де кездесіп отыр. Біреулер қолдаса, кейбірі үзілді-кесілді қарсы. Сондықтан біз оларды жұмыс тобының отырыстарында талқылаймыз. Бұл мәселе әлі де қоғамдық талқылауда», - деді И.Лепеха Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бұған дейін жұмыстағы харассмент үшін жауапкершілік енгізілуі мүмкін екені хабарланған еді.  Былтыр сенатор Дархан Қыдырәлі Қазақстандағы әйелдер жұмыста зорлық-зомбылық пен қудалауға тап болатынын айтты

«Елімізде харассменттің алдын алатын арнайы заңның болмауы да үлкен мәселе. Жазаланбай жеңіл құтылатынын білетіндер түрлі жүгенсіздікке барады, қылмысты қымсынбай жасайды. Сондықтан қорғансыздың күнін кешпес үшін азаматтарымызды зорлық-зомбылықтан қорғайтын заңнаманы күшейту кезек күттірмейді», - деді Д.Қыдырәлі.

Фото: Depositphotos/thodonal

Байланысты жаналықтар

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

16.05.2025

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

13.05.2025

Бет-жүзін тұмшалап жүретін адамдарға шектеу қойыла ма? министрлік жауап берді

11.05.2025

Жеке сот орындаушылар аккредитациядан өтуге міндеттелмек

10.05.2025

Жеңіс саябағында билеген оқушы қыздар жазаланды

08.05.2025
MalimBlocks
СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

Бет-жүзін тұмшалап жүретін адамдарға шектеу қойыла ма? министрлік жауап берді

Жеке сот орындаушылар аккредитациядан өтуге міндеттелмек

Қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін қатаң санкциялар белгіленеді

Жеңіс саябағында билеген оқушы қыздар жазаланды