Шерзат Болаттың әпкесі Қазақстаннан қудалана ма? Адвокат жауап берді

Бақыт қазір Ұзынағаштағы уақытша ұстау изоляторында

Malim Админ

  • 17.12.2024

Талғардағы жанжал кезінде қаза тапқан жасөспірім Шерзат Болаттың әпкесі,  Қаржаубай Нұрымовтың қарындасы Бақыт Реимова «митингке үндеді» деген айып тағылып, 15 тәулікке жабылған болатын.


Сонымен қатар Реимованы сот Қазақстаннан депортациялау жөнінде шешім шығарған. Бірақ адвокаты мұнымен келіспейтінін мәлімдеді. 

Блогер Жан Ахмадиев адвокат Мейірман Шекеевтің пікірін сұраған екен. Ол қазір осы іспен айналысып жатыр.

- Бақыт қазір Ұзынағаштағы уақытша ұстау изоляторында. Біз сол жерге барып қайттық. Апеляциялық шағымды дайындап қойдық. Оған Әкімшілік кодекстің 488-бабының 8-бөлігі бойынша айып тағылған. Яғни шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар жасаған әрекет бойынша қамауда отыр. Қазақстаннан депортациялау жөнінде жаза кесілген. Біз мұнымен келіспейміз. Қаулыда бірнеше заңбұзушылық бар. Бақытқа заңсыз демонстрация, пикетке үндеді деген айып тағылған. Бірақ заңдағы анықтамаға сәйкес мұндай заңсыз жиынға шақырудың ұйымдастырушысы болады. Реимованың ондай кінәсі дәлелденбеген. Сосын баласының құжатын сұратқан. Баласы Қазақстанда дүниеге келген. Бала мен ананы ажыратуға болмайды. Қазақстан ана мен баланы ажыратпауға міндетті. Сот осы халықаралық шартты өрескел бұзған. Бақыттың этникалық қазақ екені ескерілмеген. «Қандас» деген құжаты бар. Оларды депортациялауға болмайды. Өйткені баратын жері жоқ. Отаны – Қазақстан. Біз кінәсіздігін дәлелдеп, Қазақстанда қалдыруға тырысып жатырмыз, - дейді Мейірман Шекеев.

Бұған дейін Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов сот шешімімен 15 тәулікке қамалған еді

Фото: BES.media 

Байланысты жаналықтар

Талғардағы шиеленісті жағдай. Депутаттар пікір білдірді

11.12.2024

Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов 15 тәулікке қамалды

11.12.2024

Шерзат ісі бойынша сот қалай өтеді? Жоғарғы сот жауабы

14.11.2024

Шерзат Болаттың әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды ма? Бас прокуратура

31.10.2024

Шерзат Болаттың өлімі: тергеу қалай жүріп жатыр

28.10.2024
MalimBlocks
Талғардағы шиеленісті жағдай. Депутаттар пікір білдірді

Шынайы ақпарат халыққа дер кезінде жетпеді

Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов 15 тәулікке қамалды

Әпкесі Бақыт Реймова елден депортацияланатын болды

Шерзат ісі бойынша сот қалай өтеді? Жоғарғы сот жауабы

Онлайн-трансляция туралы шешімді судья қабылдайды

Шерзат Болаттың әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды ма? Бас прокуратура

Үй өртеуге қатысты іс тергеліп жатыр

Шерзат Болаттың өлімі: тергеу қалай жүріп жатыр

Ішкі істер министрі "тергеу жеке бақылауымда" деді