Шерзат соты: прокурор куәгер қыздардың іс-әрекетін қайта тексеруді сұрады

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне байланысты сот отырысында жарыссөз өтіп жатыр.
Мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай жарыссөзде куәгер ретінде танылған Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыгелдіге қатысты қайта тергеу жүргізуді сұрады.
Іс бойынша сұралған куәлар Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыгелді әрекеттерін тексеру және оларға құқықтық баға беру үшін жеке қаулы шығаруды, оны Алматы облысы полиция департаментіне жолдауды сұраймын, — деді прокурор.
Сондай-ақ мемлекеттік айыптаушы Арлан Қазыкенов пен Юлдаш Розыбакиевке қатысты дәл осындай өтініш жасады.
Сотта сұралған куә ретінде Арлан Қазыкенов пен Юлдаш Розыбакиевке қатысты процессуалды шара қабылдау үшін жеке қаулы шығарып, Алматы облысы полиция департаментіне жолдауды сұраймын, - деді Дана Сәрсенбай.
Фото: видеодан скрин

Ең көп оқылған
